Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Ағымдағы жылдың 08 қараша күні ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы, жеке құрамы, профессорлық-оқытушылық құрамы, күндізгі және сырттай оқыту факультетінің курсанттары Қазақстан Республикасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті басқармасының бастығы полиция подполковнигі Адильгожа Ергожинович Кусаиновпен кездесті.
Полиция подполковнигі А.Е.Кусаинов «Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» дәріс өткізді. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық реттелу мәселесіне, құқықтық негіздеріне, оның салдары мен алдын-алу жолдарына тоқталды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық бойынша материалдар жинақталған бейне сюжет көрсетті.

Бүгінгі таңда, кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күресу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дейтін тағылымы мол қанатты сөз бар. Осы сөздің астарында, ата-бабаларымыздың мемлекеттік қызметшілерді адал, парасатты, тәртіпті, әділ, тура болуға, сонымен қатар тапсырылған қызметтік міндеттерін тиянақты атқаруға шақырғаны аңғарылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестен барша қоғам тыс қалмауға тиіс.