«Сегіз қырлы, бір сырлы» Жігіт сұлтаны байқауы!

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Қостанай қаласы «Мирас» мәдениет сарайында қалааралық «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді. Байқауға ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы атынан 3-курс курсанты полиция кіші сержанты Р.Сәрсенәлі қатысты. Академияның мәртебесін көтеріп, ортада үздік болып, бас жүлдені иеленді. Айта кететін жайт, дәл осындай сайыста алдыңғы жылы бақ сынап, бас жүлдені қанжығасына иеленген Рүстем, осы жылы да жеңісін қайталаған болатын. Полиция қызметкері тек құқық қорғау органына қатысты нормативтік — құқықтық актілерді біліп қана қоймай, жан-жақты біліктілігін де шыңдап, қалалық, республикалық деңгейдегі сайыстарда жүлделі орындарды иеленіп, көрермен көз айымына айналып жүр.
«Ердің де ері бар, азаматы бір бөлек», демекші, Академия басшылығын, профессорлық-оқытушылық құрамын және қала тұрғындарын таң қалдырған Р.Сәрсенәлі іс-шарада қарсыластарын басып озды.
«Жігіт сұлтаны» байқауында бас жүлде иеленген Рүстемге сәттілік тілеп, бұл жеңіс тек бастамасы болсын демекпіз!

3-курс курсанты
полиция қатарындағы
Г. Максетова