Розенбаум-Эллиотт Ричард, Перван Саймон, Перси Ларри Стратегиялық бренд-менеджмент. — Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 368 бет

Танымал бренд – компанияның ең құнды активтерінің бірі, оны қалыптастыру көп уақыт пен күш-жігерді талап етеді. «Стратегиялық бренд-менеджмент» кітабы бренд туралы негізгі түсініктермен қатар бренд капиталының мәні мен мазмұнын, оның функциялық, эмоциялық қырларын таныстырады және бренд капиталын қалыптастырудың ұтымды әдіс-тәсілдерін ұсынады. Авторлар компанияның ұзақмерзімді табыстылығын арттыру жолындағы брендті басқару стратегиясының тиімді тұжырымдамалары мен қағидаларын ортаға салады. Танымал компаниялардың тәжірибесінен алынған мысалдарды нақты кейстерге сүйене отырып түсіндіреді.