Республика бойынша жалпықазақстандық диктант

Елбасының 2018 жылғы 19 ақпан айындағы «Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшу жөніндегі іс-шара жоспары» №637 Жарлығына байланысты 2019 жылдың қыркүйек айында Республика бойынша өткен Жалпықазақстандық диктантқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу-саптық бөлінісінің 2-3 курс курсанттары белсене қатысты.
Бүгінгі Қазақстан — қалыптасқан мемлекет, үлкен геосаяси маңызы бар ел. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Өткен ғасырдың Алаш қайраткерлері де жазуда латын әліпбиін қолданған. 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі жазу үлгісінде қолданылған, кейін кириллицаға ауыстырылған. Осы болған жайтқа Түркия ғалымы Әбдіуақап: «Латын әліпбиі қазақ тілін еркіндікке шақырады», — деген пікір қалдырған. Елбасының бастауымен латын әліпбиіне көшуіміз ұлт ретінде шешуге тиіс принциптеріміздің бірі. Өскелең ұрпақтың болашағы үшін осындай шешімнің қабылданғанын дұрыс деп, ел болып қолдау көрсетудеміз. Заман талабына, сұраныстарға сай біз латын әліпбиіне көшіп жатқандаймыз. Оған қоса қазіргі уақытта ағылшын тілі мен ғаламтор тілін жетік меңгеру маңызды, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыруға жағдай туғызады. Бұның өзі латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап тұрғандай.
Қазақстанда қыркүйек айында қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиінде Республика бойынша Жалпықазақстандық диктант жазу шарасы өтуде. Курсанттар қатысқан іс-шара жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын графикасына негізделген қазақ тілін меңгеруге дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылды. Диктант басталар алдында Академияның тілдер кафедрасының оқытушылары ережелерді түсіндірді. Академия курсанттарының латын әліпбиіне деген көзқарасы мен танымы жылдан-жылға тереңдеуде. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Академия ұжымы мен курсанттары өз үлестерін қосты. Диктантты жазуға зор үлес қосқан Академиямыздың аға оқытушысы отставкадағы полиция подполковнигі Е.К.Дерипсалдинға алғысымызды білдіреміз.

полиция қатарындағы
3-курс курсанты
Гүльнур Максетова