Ресейден келген құттықтау!

Оқу орнымыздың мерейтойына арналған құттықтаулар легі толастар емес. Академия атына бағытталған хаттардың қатары күн санап артып келеді. Солардың бірі әрі бірегейі – Ресей елінің Воронеж қаласынан жеткен елу жылдық мерейтойға арналған ерекше құттықтау хат.
Ресей Жазаларды орындау федералдық қызметінің Воронеж институтының ұжымы ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясын 50 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтады.
«50 жылда ел жаңарады» — демекші, осы жылдар аралығында жасалған игі істер мен жетістіктерді, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жоғары білікті мамандар дайындаудағы Академияның қосқан зор үлесін атап айтты. Қазақстанның үздік оқу орындарының бірі, сондай-ақ елден тыс аумақтарда беделі биік Жоғары оқу орны екенін тілге тиек етті. Мерейтой қарсаңында барша Академияның қызметкерлері мен ұжымына толағай табыс, зор денсаулық, алға қойған мақсаттардың орындалуын және де кәсіби қызметте жетістіктер тіледі.

ІСКБ