Режим бөлімінің ерекшеліктері

2019 жылдың 22 мамырында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын 3 — курс курсанттары 313 — тобында «Халықтың түрлі санаттарымен әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша семинарлық сабағына тәжірибелік қызметкер қатыстырылды. Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД РУ – 170/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы әділет сержанты Д. Байториев сабақ барысында курсанттармен өзінің практикалық шеберлігімен бөлісті. Практикалық қызметте көп қолданылатын заңдар, бұйрықтар және нұсқаулықтар, сонымен қатар жұмыста кездесетін қиындықтар туралы сөз қозғалды.

Курсанттар режим бөлімінің ерекшеліктері және жұмыстағы басты міндеттер туралы сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды. Сабақ соңында әділет сержанты Д. Байториев курсанттарға оқуда табысты болып, ойлаған мақсаттарына жетуді тіледі.

ІІО ӘЖҰК оқытушысы
полиция майоры
А.Танкибаева