«Психолог» ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өтті

Атақты ақын, педагог Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» — деп өзінің жастарды бейнелей отырып, өзінің сенімділігін білдірген.  Әрине, біздің де «Педагогика және психология» мамандығының курсанттары — жауапкершілікке, шығармашылыққа бейім адамдар.  Міне, жаңа оқу жылының басталғанына үш айдың жүзі болыпты. Біздің Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО – ны басқару кафедрасындағы «Психолог» үйірмесінің курсанттарына жаңа ғылыми конференцияларға, жарыстарға қатысатын кез келді. Соңғы «Психолог» ғылыми үйірмесінің жиналысы ғылыми жұмыстар байқауларына қатысуға үміткерлерді анықтау, қызықтыратын және қазіргі таңдағы өзекті ғылыми тақырыптарды талқылау туралы болды.
Еліміздің, тіпті осы кішкентай үйірме ұжымымыздың өсіп өркендеуі үшін, жас маман және курсанттардың ойының ұшқырлығы, тың идеялары өте маңызды. Қандай іс болмасын, жауапкершілікпен қараған адамның, жетер жетістігі де өте көп болмақ. Бүгінде білімді де білікті, еңбекқор, Академия  мерейін ғылыми тұрғыдан асқақтатын, жұлдызды жол салатын, құзіретті  жас тұлғалардың бірі ол — курсанттар! Иә, біздің үйірмеміздің курсанттардан осындай жақсы қабілет пен қасиеттерді кезіктіруге болады. Қазіргі таңда, курсанттар тарапынан түрлі ғылыми конференцияларға қатысуға ниет білдіріп, өздерінің қызықты да, өзекті де тақырыптарын ұсынуда. Сондықтан жасампаздыққа ұмтылған, білім шыңына өрмелеп, ғылым тұтқасын ұстаған курсанттарымызға алар асуларыңыз алда болсын деп ізгі ниетімізді білдірдік!

КПДжІІОБ кафедрасы
«Психолог» курсанттардың
ғылыми үйірмесінің жетекшісі,
полиция капитаны
Н.Турсумбаева