Психологиялық кеңес өткізілді

Қостанай қаласы «УК-161/1» Республикалық мемлекеттік мекемесінде шаруашылық жұмыстарын орындауға қалдырылған сотталғандармен жеке психологиялық кеңес өткізілді. Кеңестің мақсаты – сотталғандардың ойлау қабілетін дамыту.

Сотталғандар берілген психологиялық жаттығуларды орындап, әр түрлі логикалық  тапсырмаларды шеше білді.

Осы тапсырмалар арқылы сотталғандардың өмірде кездесетін (өз өмірлеріне үлкен жауапкершілікпен қарау, нақты шешім қабылдау) мәселелерді әртүрлі жағынан ойлап шешуге болатынын түсінді. Жаттығу соңында сотталғандар алдағы уақытта да психологиялық кеңестердің жиі өткізілуіне ниет білдірді.

 

 

КПДжІІОБ кафедрасының 

оқытушысы полиция лейтенанты А. Оразов