Психологиялық даярлық — өте маңызды

Қазіргі уақытта ІІО қызметкерлерінің психологиялық даярлығына аса назар аударылуда. Тіпті кәсібилік жағынан өте жақсы дайындалған қызметкер, егер де оның психикалық қасиеттері — моральдық, эмоционалды, еріктік тұрақтылығы, іс-әрекетке дайындығы жеткіліксіз дамыған болса өз жұмысын тиімді атқара алмайды. Сондықтан қызметкерлердің кәсіби дамуында заң, физикалық және жауынгерлік сияқты психологиялық дайындығы маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтында ҚАЖ режим бөліністерінің қызметкерлеріне «Психологиялық даярлық» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілді.
Бұл курстың мақсаты — қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің психологиялық құзыреттілігін арттыру, оларға нақты психологиялық мәселелерді шешуге көмектесу, қылмыстық-атқару жүйеде тиімді жұмыс істеу үшін психологиялық маңызды қасиеттерді белсендіру, сондай-ақ төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін үйрету болып табылады.
Курсқа республикамыздың әр облысынан жиналған режим бөліністерінің қызметкерлеріне бір апта бойына педагогика және психология кафедрасының, психологиялық жұмыс орталығының қызметкерлері ҚАЖ қызметкеріне қажетті психологиялық даярлық деңгейін көтеруге тырысты.
Дәстүрлі түрде біліктілікті арттыру курстарының қызметкерлеріне қаланың тарихи жерлеріне, тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Курс соңында режим бөлімінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.Ж. Нурушев сертификаттар тапсырды.

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты