Психологиялық даярлық — өте маңызды

Қазіргі уақытта ІІО қызметкерлерінің психологиялық даярлығына аса назар аударылуда. Тіпті кәсібилік жағынан  өте жақсы дайындалған қызметкер, егер де оның психикалық қасиеттері  —  моральдық, эмоционалды, еріктік тұрақтылығы, іс-әрекетке дайындығы жеткіліксіз дамыған болса өз жұмысын тиімді атқара алмайды. Сондықтан қызметкерлердің кәсіби дамуында заң, физикалық және жауынгерлік сияқты психологиялық дайындығы маңызды орын алады.
Қостанай академиясында біліктілігін арттырып жатқан Қостанай облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерімен «ІІО қызметкерлерінің коммуникативтік құзыреттілігі» тақырыбында онлайн-сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты — қызметкерлердің психологиялық құзыреттілігін арттыру, оларға нақты психологиялық мәселелерді шешуге көмектесу, өз қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін психологиялық маңызды қасиеттерді белсендіру болып табылады.

Н. Турсумбаева
Б. Нуркина