Пробация қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелеріне арналған кафедралық конференция


Ағымдағы жылдың 26 мамырында ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының ұйымдастырылуымен «Пробация қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері» атты кафедралық конференциясы өткізілді. Аталған іс-шараға кафедраның басшылығы, оқытушы құрамы мен кәсіби даярлық факультетінің 3-курс курсанттары қатысты.
Конференция жұмысының мақсаты пробациялық бақылауды жүзеге асыру кезінде құқық қолдану қызметінде туындайтын проблемалық мәселелерді ашық талқылауды, нормативтік базадағы өзгерістерді және басқа да қызметтік-құқықтық аспектілерді қарастыру.
Жұмыс барысында курсанттар пробация қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелеріне тоқталып, дайындаған баяндамаларын ұсынды. Кафедра оқытушылары баяндамаларға ғылыми және әдіснамалық деңгейде жазылғандығы, өзінің құрылымы бойынша қисынды, мазмұндық тұрғыдан өзекті және ішкі істер органдарының қызметі үшін сөзсіз қызығушылық тудырып, теориялық және тәжірибелік құндылығы бар деп баға берді.

Ішкі істер органдарында
әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры                 
А.Ж. Садыков