Пробация қызметінің ерекшеліктері

2019 жылдың 17 қыркүйегінде «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын  күндізгі оқыту факультетінің 4 курс курсанттары 413 тобында «Пенитенциарлық жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша  семинарлық сабағына тәжірибелік қызметкер қатыстырылды. Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметін басқару бөлімінің бас маманы әділет майоры А.А. Алибаева сабақ барысында курсанттармен өзінің практикалық шеберлігімен бөлісті. А.А. Алибаева курсанттарды пробация қызметінде қолданылатын нормативті-құқықтық актілермен, әсіресе 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 38-VI  Қазақстан Республикасының Пробация туралы заңы және т.б. нұсқаулықтарды басшылыққа алып жұмыс жасайтындығы туралы айтып кетті.
Сабақ барысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметін және құқықтық қамтамасыз етудің проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды. А.А. Алибаева қылмыстық-атқару жүйесінің жас қызметкерлерінің жеке қауіпсіздігін ұйымдастыруға ерекше назар аудару керектігін сөз етті. Практикалық қызметкерлерді сабаққа қатыстыру  қылмыстық-атқару жүйесі және пробация қызметінің мамандарын сапалы даярлауға ықпал етеді. Сабақ соңында әділет майоры  А.А. Алибаева курсанттарға оқуда табысты болып, қызметтерін адал атқаруға тілек білдірді.

Ішкі істер органдарында әлеуметтік
жұмысты ұйымдастыру кафедрасының
оқытушысы полиция майоры
А. Танкибаева