Практика мен теорияның ұштасуы

ІІМ ШырақбекҚабылбаеватындағы Қостанай академиясы жұмысын қашықтықтан оқыту нысанында өткізуде. Тәжірибелік қызметкерлерді оқу сабақтарына қатыстыру жалғастырылуда, өйткені практика мен теория терең ұштасуын табуда. Тәжірибелік қызметкерді сабаққа қатыстырудың негізгі мақсаты – курсанттарға бағыт-бағдар беру болып табылады.
Осыған орай, 2020 жылдың 15 мамырында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын  3 курс 313 тобында «ҚАЖ-гі әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша  сабаққа тәжірибелік қызметкер қатыстырылды. Қостанай облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі орташа161/4 мекемесінің жасақ бастығы әділет лейтенанты Қуанышбек Ернұр Жасланұлы сабақ барысында курсанттарды өзінің тәжірибесімен бөлісті.
Сабақ барысында жасақ басшысының міндеттері, қызметтің артықшылығы мен қиындықтарымен бөлісті. Қызметкерлер курсанттардың барлық сұрақтарына толық жауап берді. Сонымен қатар курсанттардың назарына қызмет барысында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуы жайында  айтып кетті. Сабақ соңында курсанттар тәжірибелік қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, жұмыста табыс тіледі.

Ішкі істер органдарында
әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А. Танкибаева