Практиканы қорғау

2020 жылдың 13 тамызында Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының оқытушылары «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша кәсіби даярлық факультетінің 2 курс 214 оқу тобының курсанттарымен бейнеконференция режимін пайдаланып оқу-таныстыру тәжірибесін қорғауды ұйымдастырды. Курсанттар оқу-таныстыру тәжірибесін тұрғылықты жері бойынша ҚАЖ департаменттерінің пробация қызметінде, мекемеде және ювеналды полиция тобында ағымдағы жылдың 15 маусымынан 12 шілде аралығында өтті.
Қорғауға курсанттар жеке жоспарлар, есептер, сондай-ақ жергілікті жерлердегі тікелей басшылардан мінездеме материалдарын ұсынды. Практикалық ортаға түсу нәтижесінде курсанттар қызметтік іс-әрекеттің тәртібі мен шарттарымен, лауазымдық міндеттерімен және қызметкерлердің құқықтарымен танысты. Курсанттар өз тәжірибелерін қорғау барысында оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап берді.
Айтылған жауаптарға және тәжірибе тәлімгерлерінің қойған бағасына сәйкес кафедра оқытушылары курсанттарды оңбағалады.

ІІОӘЖҰ кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А.Танкибаева