Практикамен  байланыс

2019 жылдың 13 кыркүйегінде «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын  3 курс 313 тобында «Жастармен әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша  сабаққа тәжірибелік қызметкерлер қатыстырылды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ЕЦ 166/10 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Ж.А. Сансызбайды және Ақтөбе облысы бойынша КА 168/3 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты А.М. Панабек сабақ барысында курсанттарды өзінің тәжірибелік қызметтерімен таныстырды.

Сабақ барысында жасақ басшысының міндеттері, қызметтің артықшылығы мен қиындықтарымен бөлісті. Қызметкерлер курсанттардың барлық сұрақтарына толық жауап берді. Сонымен қатар курсанттардың назарына қызмет барысында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуы жайында  айтып кетті. Сабақ соңында курсанттар тәжірибелік қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, жұмыста табыс тіледі.

Ішкі істер органдарында
әлеуметтік жұмысты ұйымдастыр
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А. Танкибаева