Практикамен байланыс — оқу процесінің ажырамас бөлігі

Ағымдағы жылдың 26 қазанында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 4 курс 404-оқу тобымен алған білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің УПИ  полиция капитаны Кондыбаев Алмат қашықтықтан оқыту форматында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды орындау және қайта қарау» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ аясында курсанттар қазіргі кезеңдегі УПИ қызметкерлерінің аумағында жиі кездесетін қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың орын алу себебі мен бастамалары туралы, жұмыс барысындағы куә болған жағдайлар жөнінде пікір алмасып, ой елегінен өткізді. Әрі қарай сабағымыздың қонағы мен курсанттарымыздың арасында пікір өрбіп, тәжірибе барысындағы нормативтік құқықтық актілердің қолданылу нәтижелері туралы айтылды.
Сабақтың басты мақсаты — курсанттардың болашақта жұмыс барысында кездесетін әртүрлі жағдайларда сауатты қимылдап, еліміздегі құқық бұзушылықпен барынша күресіп, олардың алдын алу шараларын ұйымдастыруына бағыт беру болатын.
Сабақ соңында қонағымыз-Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданының УПИ полиция капитаны Кондыбаев Алмат курсанттарымызға ақ жол тілеп, болашақта биік белестерді бағындыруларына тілектес екенін айтып, өзінің ізгі лебізін білдірді.

ІІО ӘҚ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
Жұмашев М.А.