Практикалық қызметкерлердің қатысуымен қортынды жасалды

«Қылмыстық іс-жүргізу құжаттарын құрастыру бойынша практикум» пәнінің ең соңғы қортынды сабақтарына практикалық қызметкерлер тартылды. «Анықтау акті. Қылмыстық теріс қылық туралы хаттама» тақырыбы бойынша 304 взвод онлайн сабағына Жамбыл облысы Полиция департаменті Жедел-криминалисттік басқармасының аға криминалисті, полиция майоры Сыздыков Аскат және 302 взводтың сабағына Қостанай облысы полиция департаментінің Анықтау басқармасының анықтаушысы полиция капитаны Базикенов Нұрлан Пархадұлы қатысты.
Полиция майоры А. Сыздыков өзін таныстырып, бұрын криминалдық полицияда жедел уәкіл, тергеу бөліністерінде тергеуші қызметінде жұмыс жасағанын, соңғы 5 жылда криминалист лауазымын атқаратынын айтты. Курсанттар жедел-криминалисттік қызметі, дәлелдеу, дәлелелдемелерді жинау, бағалау пайдалану тәртібі туралы сұрақтар қойып, толық жауабын алды.
Нұрлан Базикенов айыптау актісін дайындаудың тәртібі, істі аяқтау жұмыстарының ерекшеліктері, қылмыстық істі тоқтату мен сотқа жіберудің айырмашылықтары, тергеулік қателер жайында сөз қозғады. Сабақ тақырыбына байланысты курсанттар сұрақтар қойды, олардың ішінде қылмыстық іс жүргізуде туындайтын мәселелерге көп көңіл бөлінді.
Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы жыл бойы әртүрлі құқық қорғау органдарының білікті қызметкерлермен сабақтарды қызықты және пайдалы өткізуді тұрақты жүзеге асырады.

ҚПжК кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
Ж.К. Нурмаганбетова