Практикалық қызметкерлердің қатысуымен қарулар талқыланды

«Криминалистика бойынша практикум» пәнінің «Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар және олардан қалған іздердің криминалистикалық зерттеуі» тақырыбы бойынша практикалық қызметкер тартылды. 409 взводтың тәжірибе сабағына Жамбыл облысы Полиция департаменті Жедел-криминалисттік басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бекназаров Ибрахим Рахимбердиевич ZOOM бағдарламасының көмегімен онлайн қатысты.
Полиция подполковнигі И. Бекназаров өзін таныстырып, жалпы қарулар туралы мәліметпен бөлісті. Өз кезегінде білім алушылар қызмет барысында болған қызықты жағдайлар, жедел-криминалисттік қызметі, қаруларға зерттеу жүргізуде туындайтын қиыншылықтар, ерекше немесе сирек кездесетін қарулардың түрлері туралы сұрақтар қойып, толық жауап алды. Сабақ соңында қонағымыз өзінің қызмет жолы жайында, жетістікке жетудің сыры, қызметкерлерге қажетті қасиеттерімен бөлісті. Болашақ түлектерге еліміздің патриоттары болып, намысшыл, қызметке адал маман болуларын тіледі.

Жанна НУРМАГАНБЕТОВА ҚПжК кафедрасының оқытушысы полиция майоры