Практикалық қызметкердің қатысуымен дәріс сабағы

2020 жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы еңбек құқығы пәні бойынша практикалық қызметкердің қатысуымен дәріс сабағы өткізілді.  Сабаққа Қостанай облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің УК -161/12 кадр саясаты бөлімінің кәсіби қызметтік, дене даярлығы жөніндегі бөлімінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Нураханов Медет Мұхтарұлы қатысып, кәсіби даярлық факультетінің 2 курс 208, 209, 214 оқу топтарының курсанттарын Ішкі істер органдары қызметкерлеріне қолданылатын көтермелеулер мен тәртіптік жазаларға тартудың тәртібімен  таныстырды. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттарын атап өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты курсанттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек құқығы аясындағы нормативтік құқықтық актілермен таныстыру, пән бойынша өтіп жатқан білімдерін болашақ мамандықтары ұштастыру.
Дәріс барысында Медет Мұхтарұлы курсанттарда қызығушылық тудырған сұрақтарға жауап беріп, түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Кездесу соңына қарай курсанттар өз ойларымен бөлісіп, білімдерін қосымша ақпаратпен толықтырды.

Жалпы заң пәндері кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры
Карымсакова Д.Т.