Постон Дадли Л. кіші, Бувье Леон Ф. Халық саны және қоғам. Демографияға кіріспе. — Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 488 бет.

Бұл кітап демография ғылымының негізгі тұжырымдары мен мәселелерін қамти отырып, демография пәніне жан-жақты кіріспе оқулық ретінде құрастырылған. Мұнда туу, өлім-жітім, көші-қон, нәсіл, халықтың жастық және жыныстық құрамы сияқты өзекті тақырыптар кеңінен қарастырылады. АҚШ, Азия, Еуропа және Африканың түрлі елдерінен алынған мысалдар әлем халқының дамуы мен өзгеруін сипаттайды, олардың қоршаған ортаға һәм адамзат болашағына әсерін зерделейді.