Полиция қызметі-халық сенімінің айнасы

 2020 жылдың 27 қаңтарында Қостанай академиясының алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушылары жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.Б.Ақылбековамен Қостанай қаласы Полиция департаментінің мұражайына облыстың құқыққорғау қызмет саласының тарихымен танысуға аттанды. Полиция мұражайы Қазақстан Республикасы бойынша 1971 жылы 22 сәуірде іргетасы қаланған құқық саласының негізгі мұрасы болып табылды. Көрменің мақсаты — болашақ тәртіп сақшыларының патриоттық сезімін оятып, полиция құрылымы жұмысының тың беттерін көрсету, жауапкершілікті күшейту.

Мұражай мәдени құндылықтар жинақтамасына бай. Экскурсия жетекшісі өз сөзін хандық дәуірден бастап, полицияның құрылу тарихы мен бөлімдерінің түрлерімен таныстырып өтті. «Қару күшті емес, қару ұстаған күшті» деген халық даналағына сай, қарулардың түр-түрлерімен таныстық. Ұлы отан соғысы кезінен қалған оқ-дәрумендермен, гранаталардың құрылысын көрдік. «Ер жігіт — елінің ұлы, намысының құлы» демекші, өлкенің жергілікті ерлігі үшін марапатталған батырлардың өмірбаяндарымен танысып, полиция қызметкері халықтың қорғаны екеніне тағы да көз жеткіздік.
Тыңдаушылар жағымды жаңалықтар мен көп қызықты ақпараттан хабардар болды. Жан-дүниеміз рухани бай азыққа толды. Аңызға айналған жерді құрметтеп, елдік жолында атқарылған игі істерді сақтап қалғандарыңыз үшін мың алғысымызды білдіреміз.

АКДК 8 топ тыңдаушысы
Г.Тасбулатова