«Полиция кафедрасы» жобасы өз жұмысын бастады….


Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ағымдағы жылдың 9 шілдесінде «Полиция кафедрасы» жобасы өз жұмысын бастап кетті.
Полиция кафедрасының жобасына тоқтала кетсек, Академия басшылығы Жол картасының үшінші бағытын орындау үшін 2021 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын әзірлеген болатын. Оның мақсаты — азаматтық жоғары оқу орындарының 2-4 курс студенттерін факультативтік қолданбалы оқыту.
Полиция кафедрасы жобасының бірінші күнінде Академияға келген жоғары оқу орындарының студенттеріне кіріспе сабақ өткізілді. Сабақ барысында полицияның қызметі және олардың қоғамдық тәртіп сақтаудағы жұмыстары туралы ақпараттар берілді. Кіріспе сабақпен қоса, оларға оқу орнының аумағында орналасқан ғимараттар, компьютерлік сынып және спорт алаңы көрсетілді. Студенттерге алғашқы күн өте тартымды болды. Олар оқытушылардың сабақтарын зейін қойып тыңдап, өздерінің қызығушылықтарын білдірді.
Атқарылып отырған іс-шарамыз студенттердің құқық қорғау қызметі туралы нақты түсінігін қалыптастыруға, құқықбұзушылықтың алдын алу міндеттерін шешуге және кадр аппаратына жинақтау процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл ретте практикалық бағытта оқытуға аса көңіл бөлінетінін атап өту қажет. Сондай-ақ полиция кафедрасы жобасының барысында студенттерге дәріс беруге практикалық қызметкерлер де тартылады.
Осы бағытта іске асырылған іс-шаралар нәтижесінде ішкі істер органдарының кадрлық құрамы біздің қоғамымыздың сұраныстарына жауап беретін білікті де кәсіби қызметкерлермен толығады деген ойдамын.

Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы
О.Уақпаева