Погондылар әулеті

Кез-келген мамандықта отбасылық әулеттер ерекше құрметке ие. Олар әрқашан дәстүрді сақтап, ұрпақтар сабақтастығында,  таңдаған кәсіби мамандыққа  құрметпен қарау үлгісі болуда.
Аетовтар әулетінің негізін қалаушы біздің әкеміз және  атамыз Өтепұлы Хасенғали. Бала кезінен ол ұшуды армандаған. 1943 жылы біліп алып жатқан мектебі жабылып, екі жыл ауылда жұмыс істеген. Осы екі жыл оған ұзақ көрінді өйткені оның арманы ұшу болатын, яғни ұшқысы келді! Орта білім туралы аттестатты иеленіп, 1953 жылы ұшақтар және авиақозғалтқыштарды техникалық пайдалану мамандығы бойынша Троицк авиациялық техникалық училищесіне оқуға түседі.

Х.Ө. Әетов  училищені бітіргеннен кейін  қазақ аумақтық басқармасының 155 біріккен авиаотрядының алғашқы қазақ авиатехнигі болады, содан кейін Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді кенті әуежайының бастығы болып тағайындалады. Уақыт өте келе аяққа тұру үшін, ол Кировоград мектебіне Азаматтық авиацияның жоғары ұшу даярлығына  түседі. Өтепұлы Хасенғали өзінің барлық еңбек жолында  бүкіл Кеңес Одағы бойынша мың шақырымды ұшып өтті, одан кейін «Апатсыз ұшуы үшін 3000 сағат» азаматтық авиация белгісімен, «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен,  «Коммунистік еңбек екпіні», «Оныншы бесжылдық екпіні» атағымен марапатталады.

Бірақ Өтепұлы Хасенғали үшін ең үлкен марапат оның отбасы болды. 8 наурыз қарсаңында болашақ жары Зибагульмен  танысады. Оның әйелі отбасылық ошақты қорғап қана қоймай, оған 9 бала сыйлаған,  ұлдары — Марат, Арыстан, Серік, Берік және Мәлік, қыздары – Роза, Айгүл, Гүлнар және Ботагөз. Әкесінің болашақ ұрпақтары «батыр» кәсібилігін жалғастыруды армандады: олар ұлы Марат, қызы Айгүл және сегіз немересі – Алмагүл, Фархад, Арлан, Азамат, Әлия, Ринат, Әйгерім басқа бағытта құрметті қызмет етуде. Офицер бола отыра, Отанымызды қорғап, әкесі мен атасын  еске алады. Қазіргі уақытта Аетовтардың 23 немересі және 21 шөбересінен тұратын үлкен отбасы, Зибагүл әжесінің  үйіне барып, мерекелерде сүйікті әкесі мен атасын еске алады.
Өтепұлы Хасенғали мен Қалиқызы Зибагуль жүректерімен дос бола білді. Көңілді, қонақжай, олар әрқашан достарын қуана қарсы алатын. Үлкен үйдің иесі өзі баянмен ойнауды үйреніп, барлық сәттерді камераға түсіріп, оны пленкаға ұзақ естелікке сақтай білетін. Өз қолдарымен жиһаз жасап, аяқ киімді оңдай білетін. Ең бастысы, өз шеберлігін өз балаларына дарытты.
Биыл 7 қарашада Хасенғали Өтепұлы Әетов 87 жасқа толар еді. Біздің әкеміз және атамыз өз арманын 22 жылда іске асыра отырып, ол өз ұрпақтарына табандылық пен еңбек етудің арқасында өз армандарын жүзеге асыруға болатындығын түсіндірді.
Біздің әкеміз бен  атамыздың ерлігі  туралы әңгімеміз аз да олса,  ол біздің есімізде – мәңгі, ал оның батырлығы мен өшпестілігі келешек ұрпаққа  жақсы  хабар деп білеміз.

Оқу-әдістемелік орталығының
оқытушы-әдіскері
полиция майоры
Алия Аетова