Педагогикалық шеберлік — маманды шыңдайды

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман — уақыт талабы. Сондықтан да бүгінгі таңда Тәуелсіз елімізге білікті мамандар, өз ісінің шеберлері қажет.
Педагогикалық шеберліктің негізі – студенттердің өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процессінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын, әдістерді дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады. Білім ордамызда педагогикалық шеберлік мектебінің сараланған сынағы өтті. Сынақ барысында білім алушылар болашақ ұстазға қажетті қызмет бабында қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер, педагогикада қажетті кәсіби білгірлікті, бейімділікті, педагогикалық техникасы туралы білімдерімен бөлісті.
Педагогикалық шеберлік мектебінде сараланған сынақ бойынша комиссия мүшелері сынақ тапсырушы жас мамандардың білім деңгейін жоғары бағалады және Академия қабырғасында білімдерін үнемі жетілдіріп отыру керектігі туралы тілектерін білдірді.

Оқу-әдістемелік орталығының
оқытушы-әдіскері
полиция капитаны  Қ.Мырзахмет