Патрульдік полиция қызметкерлерімен вебинар өткізу

2020 жылдың 18 қыркүйегінде біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті ІІО әкімшілік қызмет кафедрасымен бірлесіп патрульдік полиция бөлімшелерінің қызметкерлерімен «қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинар барысында жол қозғалысы ережелерін, қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу және жолын кесу барысында әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолданудың проблемалық мәселелері, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді электрондық форматта жүзеге асырудың ерекшеліктері талқыланды.
Вебинардың қорытынды бөлімінде оқытушылар мен практикалық қызметкерлер патрульдік полиция қызметінің көрсетілген бағыттарын жетілдіру бойынша тиісті ұсынымдар әзірледі.

ІІО әкімшілік қызмет кафедрасы