Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болды

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен БҰҰ ЕҚБ-ның «Экстремистік және террористік қылмыстар үшін сотталғандармен жұмыс жасауды қолдау» бағдарламасы аясында пилоттық мекемелердің қызметкерлерінің біліктілікті арттыруы аяқталды. Қызметкерлерді оқыту ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қашықтықтан оқыту платформасында Павлодар облысы бойынша ҚАЖД басшылығы мен ұлттық сарапшылар К.Ж. Алина және Н.Ф. Фесенконың қолдауымен ұйымдастырылды және өткізілді.
Курс аясында сотталғандарды оңалтудың жаңа тәсілдерін іздеудің перспективаларын ашатын теологиялық, психологиялық және құқықтық сипаттағы мәселелер зерттелді және талқыланды. Онлайн форматқа қарамастан, оқытушылар теориялық және практикалық сабақтарды тиісті деңгейде ұйымдастыра алды. Ағымдағы жылдың сәуір айында БҰҰ ЕҚБ бағдарламасының халықаралық үйлестірушісі Мадина Сариевамен келісім бойынша БҰҰ-ның Қамаудағы адамдармен қарым-қатынастың ең төменгі стандарттық ережелері — Нельсон Манделаның Ережелері интерактивті электронды оқу курсы Академияның қашықтықтан оқыту жүйесіне енгізілді. Олар қамаудағы адамдарды ұстау қауіпсіздігі мен адамгершілік жағдайларын қамтамасыз ету үшін заманауи ғылыми жетістіктер мен пенитенциарлық мекемелердің ең үздік тәжірибесін ескереді.
Академияның әдістемелік және техникалық қолдауы Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 126 қызметкеріне Нельсон Манделаның ережелерін оқып үйренуге және халықаралық үлгідегі сертификаттардың иегері болуға мүмкіндік берді.

ЭИҚІҚБ ҚАЖ МДО бастығы
полиция майоры М. Туйганов