Оқ пен оттың ортасынан оралғандар

15 ақпан бұрынғы Кеңес Одағы әскерлерінің тарихында ерекше күн. 1989 жылы интернационалдық борышын өтеп жүрген Кеңес одағының әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылғанына биыл — 31 жыл. Осыған орай, кураторлық сағат аясында Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 202 және 205 оқу топ кураторлары Д.Т. Карымсакова және С.Т. Утегенова отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыратын тағылымды шарада ардагерлердің бастарынан өткен қиын кезеңді баяндады.
Сондай-ақ, соғыс жылдарындағы сарбаздардың ерлігі мен жау əскерлерінің қақтығыстары бейнеленген фильм көрсетілді. Түйіндей айтқанда, интернационализм идеяларын бойына сіңірген, Отан алдындағы борышын адал атқарған жас сарбаздар осынау үлкен саяси ойынның бел ортасынан табылды. Оған қоса, мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, қаншамасы жарақатпен оралды. Бір сөзбен айтқанда, оқ пен оттың ортасынан оралған ардагерлер үшін Ауғанстан жазылмас жан жарасына айналды. Сондықтанда жас буынға ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі етуіміз керек.