Оқу-әдістемелік орталығы өткізген online-дөңгелек үстел

2021 жылдың 28 сәуірінде  Оқу-әдістемелік орталығының оқытушы -әдіскерлері полиция капитаны Қ.Мырзахмет және полиция капитаны И.Хакимованың ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «ЖОО-да оқу процесін ұйымдастыру сапасын арттыру: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында online- дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының оқу-әдістемелік орталығы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Юлдашев Джамбул Абдилякимович пен осы оқу орнының оқу-әдістемелік орталығының аға оқытушы-әдіскері полиция подполковнигі Снегирева Наталья Николаевна, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесінің бастығы полиция майоры Татиева Ғалия Амангелдіқызы және аталмыш оқу орнының оқу-әдістемелік орталығы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұрмаханбетов Әліби Тұрсынбекұлы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университетінің Академиялық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Орынбаева Камила Еркетайқызы, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің оқу жұмысы бөлімінің бастығы Холина Елена Петровна, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу-әдістемелік орталығының бастығы полиция майоры Смағұлов Медетбек Көшкінбайұлы және Академияның оқытушы-әдіскерлері мен оқытушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің столдың модераторы Кәсіби даярлық факультеті бастығының міндетін атқарушы  Кульжанова Гульбарам Темиркановна болды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қазіргі пандемия жағдайында ЖОО-да оқу процесін жоспарлауды ұйымдастыру мен қашықтықтан білім беруді, сонымен қатар сыртқы стейкхолдардың білім беру бағдарламаларының өзектілігіне әсер мен ЖОО оқу орындарында білім сапасын арттыру мәселелері жөнінде баяндамалар оқып, пікір алмасты. Шақырылған қонақтар осындай дөңгелек үстелдің ұйымдастырылуы ЖОО арасындағы пікір алмасатын ашық алаң болғандығын атап өтті және ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына өз алғыстарын білдірді.

ОӘО оқытушы-әдіскері
полиция капитаны Қ.Мырзахмет