«Оқу үдерісінде кейс-әдісті қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

 
 

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында Құқық қорғау, сот және мамандандырылған органдардың, атап айтқанда жоғары оқу орындары мен профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде онлайн форматта «Оқу үдерісінде кейс-әдісті қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясы және ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілдері қатысты.
Өз сөзінде заң ғылымдарының кандидаты, доцент Биебаева Ардақ Әлімханқызы құқықтық пәндер бойынша кейстерді жасау ерекшеліктеріне, практикалық міндеттерді шешуде теориялық білімді қолдану дағдыларын дарытуды көздейтін оқыту техникасы case-study әдісіне тоқталып, оның  артықшылықтары, ғылыми және құқық аясындағы зерттеу әдістері жайлы баяндады.  Сондай-ақ Т. С. Нұрышева, Л. Г. Адилова, А. А. Тынышпаева, Т.В. Мармонтова, Р.С. Апергенова case-study әдісінің ғылыми, тарихи негіздеріне шолу жасап, пайдалану тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараны Сот төрелігі академиясының вице-ректоры К.К. Мусин қорытындылады. Ол дөңгелек үстелге қатысушыларға мазмұнды баяндамалары үшін алғыс айтты.

ІСКБ инспекторы П.Жұмабек