Оқу процесіне тәжірибелік қызметкерді тарту

Ағымдағы жылғы 09 сәуірде Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасы, кәсіби даярлық факультетінің 3- курсы 301-304 оқу топтарының курсанттарына «Әкімшілік полиция бөлімшелерінің пробация қызметін ұйымдастыру» пәні бойынша «Әкімшілік қадағалау бекітілгендерге қатысты, олардың мінез-құлқына пробациялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі» тақырыбында Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Қаныбек Пернеханұлы Бейсенді оқу процесіне тарта отырып, онлайн сабақ өткізді.
Тәжірибелік қызметкер әкiмшiлiк қадағалаудың қолданылу мерзiмi, әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарға қатысты қолданылатын шектеулер, әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары қызметкерлері мен әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдардың мiндеттерi мен құқықтары туралы баяндама жасап, пробация қызметінің жұмыс ерекшелігіне, сондай-ақ пробация қызметінің жергілікті полиция қызметімен өзара іс-қимылын іске асыруға байланысты мәселелерге тоқталып өтті. Тәжірибелік қызметкердің ұсынған ақпараттары, курсанттардың қойылған сұрақтарына алынған жауаптары пәнге деген қызығушылықтарын арттырды.

Ішкі істер органдарында
әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры                                                                           
А.Ж. Садыков