Оқиға орнын тексерудегі инновациялық технологиялар

08.05.2021ж. ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары үшін Тәуелсіздіктің 30 жылдығын және Академияның 50 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде «Қонақ дәрістері» жобасы аясында қашықтық форматта «Оқиға орнын тексеруде инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында дәріс өткізілді. Лектор ретінде Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының криминалистика кафедрасы бастығының орынбасары з.ғ.к. полиция полковнигі А.Г. Еленюк сөз сөйледі.
Дәріс барысында А.Г.Еленюк оқиға орнында жұмыс істеу үшін ғылыми-техникалық құралдардың алуан түрлі жиынтықтарын, атап айтқанда: «Папилон» автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйесі; жаңғыртылып біріздендірілген «Кремень» чемоданы; «Дельта» портативті дактилоскопиялық тексеру жиынтығы және басқа да құралдар пайдаланылуы мүмкін екенін айтты.
Дәріс сабағының қорытындысы бойынша курсанттар ғылыми-техникалық құралдарды қолдану тәртібін түсінді. Сонымен қатар, оқиға болған жерді тексеру кезінде ғылыми-техникалық құралдардың жаңа түрлерімен танысты.

 

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы ҚА
Қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасы бастығының орынбасары з. ғ. к.
полиция полковнигі С.Н. Кадацкий

 

 

Инновационные технологии в осмотре места происшествия


08.05.2021г. для курсантов Костанайской академии МВД РК им. Ш.Кабылбаева в дистанционное формате была организована лекция на тему «Использование инновационных технологий в осмотре места происшествия». Лектором выступил, заместитель начальника кафедры криминалистики Карагандинской академии им. Б.Бейсенова к.ю.н. полковник полиции Еленюк А.Г., в рамках мероприятий по празднованию 30-летия Независимости и 50-летия Академии проект «Гостевые лекции».
В ходе лекции Еленюк А.Г., рассказал, что для работы на месте происшествия могут быть использованы самые разнообразные комплекты научно-технических средств, а именно: автоматизированная дактилоскопическая информационная система «Папилон»; модернизированный унифицированный чемодан «Кремень»; портативный дактилоскопический досмотровый комплект «Дельта» и другие средства.


По итогам лекционного занятия курсанты уяснили порядок применения научно-технических средств при осмотре. Кроме того имели возможность ознакомиться с новыми видами научно-технических средств, при осмотре места происшествия.

Заместитель начальника кафедры уголовного процесса и криминалистики
КА МВД РК им.Ш.Кабылбаева
к.ю.н. полковник полиции Кадацкий С.Н.