Онлайн «Психолог күні» атап өтілді

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО-ны басқару кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 24 желтоқсанда «Психолог күніне» арналған 3 курс курсанттары арасында «Мамандық және болашақ» атты онлайн зияткерлік сайысы өтті.  Іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО-ны басқару кафедрасының ардагері отставкадағы полиция подполковнигі Б.Т. Абдыкалыков қатысты.  Бердібек Тұяқұлы өзінің еңбек жолының қалай басталғанын және қызықты да, қиын сәттерді курсанттарға айта отырып, сұрақтарға жауап берді. Сұхбат барысы зияткерлік сайыспен жалғасты. Сайыс 3  кезеннен тұрды. Бірінші кезең «Артық болмас білгенің…!», екінші кезең «Мен таңдаған мамандық» және үшінші кезең «Жеңімпаздар сайысы». Сайыс барысында тестер орындалып, бейне және ән сұрақтар қойылды. Курсанттар белсенді қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша «Психология және педагогика» мамандығының 3 курс курсанты М.Медетова мақтау қағазымен марапатталды.   Іс-шара соңында ізгі тілектер айтылып тарқасты.

Кәсіби-психологиялық даярлық және
ІІО-ны басқару кафедрасының оқытушысы
Толыкпаев Е.Ж.