Онлайн оқуды тиімді қолдана білу

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында өзінің зор үлестерін қосып жүрген курсанттарымыздың қатары жыл өткен сайын артып келеді. Соның бірі қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының «Ізкезуші» үйірмесі жетекшісінің көмекшісі, 3-курстың курсанты Халенова Бағжан Төрежанқызы.
Бағжан Төрежанқызы қашықтықтан оқуды тиімді қолданып, өзінің жан-жақты дамуына, білімін тереңдетіп, таң атқаннан кеш батқанға дейін уақытын ғылыми жұмыстарға, баяндама, ғылыми мақалалар жазуға арнайды. Сабаққа қатысып, аудандық полиция бөлімнің әрбір бөлінісінде қызметтің қыр-сырымен танысып, қызметкерлерге көмек көрсетеді. Сабақта алған теориялық білімін практикалық әрекеттермен бекітеді. Академияда ұйымдастырылған дөңгелек үстел, ғылыми үйірмелердің жұмыстарына белсенді қатысады, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің арнайы және басқа да жоғарғы оқу орындарында өткізілген конференцияларға тұрақты атсалысады. Еңбегінің арқасында бүгінгі күні жүлделі орындарға ие болып, бірнеше грамота, дипломдар табысталды. Ол отбасындағы үлкені ретінде өзінен кейінгі інілеріне үлгі, өнеге. Сонық бір дәлелі оның жетекшілігімен інісі Балғынбек Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған байқауда бірінші орынға ие болды.
Тек отбасының ғана емес, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының, Академияның мақтанышы. Әрине осы деңгейдің ең басты себепкері ол ата-анасының еңбегі, тәрбиесі. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады» сөзі осы жерде өте орынды болар. Бұл барша курсанттар үшін үлгі болатынына кәміл сенімдіміз.

Қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
Нурмаганбетова Ж.