Онлайн дәріс

Қараша айының 25 күні ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО-ны басқару кафедрасының оқытушысы Е.Ж.Толыкпаев Шымкент  қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты  ИЧ-167/3 мекемесінің эктремистік және террористік қылмыс үшін сотталған жазасын өтеушілеріне «Стрестің алдын-алудың әдістері» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында адамдарда стресс әрекетіне деген психологиялық дайындық, стреске төтеп берерлік дайындық болу қажеттігі, яғни, стреске төтеп беру жаттығулары айтылды. Стресс — өмір сүрудің  ажырамас бөлігі. Ол болар-болмас ренішпен қатар, жағымды әсерлерден де болатыны жайлы ақпарат берілді. Дәріс соңында мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеушілердің сұрақтарына жауап берілді.

Кәсіби-психологиялық даярлық
 және ІІО-ны басқару кафедрасының
 оқытушысы Е.Ж.Толыкпаев