Н.С. Сембиев, Г.Б.Оңғарова, А.Б. Құрымбаева. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар: Оқу құралы. — Қарағанды, 2019.

Ұсынылған оқу құралы меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жан-жақты оқып білуге бағытталған. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары саласындағы жымқырудың нысандары мен жымқыру болып табылмайтын, пайдакүнемдікке жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылықтарына түсінік берілген. Осы саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтарына арналған есептер жинағы мен тест тапсырмалары қарастырылған.