Нұр-сұлтан қаласы — елімнің айнасы




Ағымдағы жылдың 4-і шілде күні Академияның 1 курс бастығының оқу бөлім жөніндегі орынбасары полиция аға лейтенанты А.Даушевтің және 103 топ кураторы ӘҚжӘҚ кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А.Әбдәлінің жетекшілік етуімен Қостанай қаласының Жастар сарайында Астана күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға 1 курс жеке құрамы қатысты.
Аталған салтанатты іс-шараны Қостанай қаласының әкімі құттықтау сөзімен ашып, қаланың жарқын болашағы мен келер кезге жасалып жатқан тың жоспарлар мен бөлісті. Сонымен қатар әкім көптеген адамдарға құрмет грамотасын, грамоталар мен төс белгілерді табыс етті.
Осындай керемет іс-шараға Алматы қаласынан Ерке Есмахан, жұлдызды топ Мирас пен Құралай есімді жұртқа танымал жұлдыздар адамдардың көңіл-күйін көтеріп, тамаша концерт сыйлады.
Концерт өз кезегінде әдемі билермен, вокалдармен ерекшеленіп, оркестр сүйемелдеуімен орындалған сазды әндер қалың жұрттың жанына жылу силады.

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы
Қостанай академиясының
1 курс курсанты полиция қатарындағы
А. Бакбаева