Нысанды киім үлгісіне ауысу

Нысанды киім үлгісін кию ережелері мен қағидаларын сақтау – кез келген Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан да нысанды киім үлгісін мінсіз сақтауға оқу орнымызда білім алып жатқан әрбір курсант үлкен жауаптылықпен қарауы тиіс. Ағымдағы жылдың 15 қазанында жеке құрамның қысқы киім үлгісіне көшуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3-курс курсанттарының кезекті қыстық киім үлгісіне ауысуына байланысты курс бастығы полиция майоры В.Заварыко және орынбасарлары полиция капитаны А.Альназаров пен полиция капитаны А.Примкулов саптық тексерісті ұйымдастырып өткізді. Ұйымдастырылып жатқан іс-шараның негізгі мақсаты – курсанттардың нысанды киім-кешекті кию ережелері мен қағидаларын және үлгілі сыртқы келбетін қатаң сақтауы. Саптық байқау барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес нысанды киім кию үлгісінің барлық талаптарына сай тексеріс жүзеге асырылды. Саптық байқау қорытындысы бойынша 3-курс бастығының орынбасары полиция капитаны А.Примкулов жеке құрамға белгіленген түрдегі нысанды киім үлгісінің талаптарын және қағидаларын сақтау қажеттілігін түсіндірді.

3-курс курсанты
полиция қатарындағы
Максетова Гүлнұр