Нотариуспен бірлескен дәріс 22.05.2019 2019 жылы 21 мамырда КОФ 201-204 оқу топтарында Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы пәнінің № 34 «Мұрагерлік құқық» тақырыбында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.Б. Ақылбекованың Қостанай қаласындағы жеке нотариус Дариға Асылханқызы Жұмашевамен біріккен дәрісі өтті. Дәрістің мақсаты — курсанттарда қолданыстағы заңнамада дұрыс бағдарлану дағдыларын, Қазақстан Республикасындағы нотариаттық қызмет негіздері туралы тұтас түсініктерді қалыптастыру, мұрагерлік құқықпен байланысты нормаларды талдау, түсіндіру және дұрыс қолдануға үйрету. Дәріс сабағында Дариға Асылханқызы курсанттарды нотариаттық іс-әрекеттер жасау, нотариатқа жүгінген азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, осы құқықтардың бұзылуын анықтау, заңды және өзге де тұлғаларға азаматтық-құқықтық және өзге де көмек көрсету қағидаларымен таныстырды. Сабақ барысында курсанттар мұраны ашуға, қабылдауға байланысты, мұраны мұралық трансмиссия тәртібімен қабылдау ерекшеліктері туралы, өсиет және заң бойынша мұраны қабылдау тәртібі туралы сұрақтарын қойып, ұтымды жауаптар алып, белсенділік танытып отырды. Әрине, бұл кездесу курсанттарға қызықты әрі танымдық болды. МҚП кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А. Ақылбекова