Нортхаус Питер Көшбасшылық: теория және практика. — Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 560 бет

Он үш тілге аударылып, тоқсанға тарта елге таралған «Көшбасшылық: теория және практика» оқулығы көшбасшылық теорияларын кәсіби және ғылыми тұрғыдан терең талдап, оларды нақты ситуацияларда қалай қолдануға болатынын зерделейді. Автор әр тарауда ұтымды құрылымдау арқылы оқырманның түрлі теорияларды оңай салыстырып, меңгеруіне жол ашады. Тың кейс-стадилер мен сауалнамалар көшбасшылық әдістері жайында түсінік қалыптастырып, жеке басшылық стилін анықтауға көмектеседі.