Нельсон Мандела ережелерімен танысты

Алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушыларына Нельсон Манделаның өмірбаяны мен ережелері таныстырылды.
Сабақ барысында тындаушылырға адам құқықтары үшін күрестегі ең танымал белсенділердің бірі, апартеидке қарсы күрестің қайраткері және Оңтүстік Африка Республикасының алғашқы қара нәсілді президенті, нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Манделаның өмір жолы және оның Ережелері жеткізілді.
Аталған ережелер негізінде қамаудағылардың адами тұлғасының қадір-қасиеті мен құндылығын құрметтеу, азаптауларға және қатыгез қарым-қатынастың басқа да түрлеріне жол бермеу міндеттемесі жатыр. Сонымен қатар тәртіптік шаралардан бастап медициналық қызмет көрсетуге дейінгі кең ауқымды мәселелер бойынша басшылыққа алынатын қағидаттар егжей-тегжейлі баяндалды.

Ережелермен танысу тындаушылардың оқуға және болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға, білім сапасын жақсартуға үлкен әсер етері сөзсіз.

Мадияр ҚАЛҚАМАНҰЛЫ, Қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры