Наурыз –мейрамы

Наурыз  «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы, бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.  Мерекенің басты мақсаты курсанттарды ұлттық салт — дәстүрлерді құрметтеуге, ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге, ұйымшылдылыққа, өнерге баулуға және мақтан етуге тәрбиелеу болып табылады.
Аталған мерекеге орай, 2-курс жеке құрамы әскери парақша дайындады. Әскери парақша 1 ақ қағазға ғана сыйғанымен, курсанттар барынша мән-мағыналы етіп жасады.