Мереке қарсаңындағы марапат

Жаңа жыл қарсаңында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов бірқатар қызметкерлерге  марапаттау рәсімін өткізді. Қазақстан Республикасынының Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметтегі адал еңбегі үшін полиция майоры, Академия бастығының көмекшісі Бейбітжан Әріпжановқа, полиция майоры, кәсіби-психологиялық даярлыға, полиция майоры, арнайы тактикалық даярлық кафедрасының аға оқытушысы Қанатбек Жуматовқа, полиция майоры, оқу-дала лагерінің бастығы Василий Заварыкоға орта басшы құрамының кезекті арнаулы атағы берілді.
Академия басшысы Нұрлан Амангелдіұлы марапат иелерін құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі.

ІСКБ инспекторы Қымбат Нағашыбай