Мерекелік марапаттау

Өз  қызметтік міндеттерін адал ниетпен орындағаны үшін және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге байланысты, Академияның бірқатар қызметкерлері көтермеленді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен «Ішкі істер органдарының үздігі» ІІ дәрежелі кеуде белгісімен кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО психолог мамандарды даярлау және әлеуметтік зерттеулер жүргізу орталығының бастығы полиция подполковнигі Елена Федотова, «Ішкі істер органдарының үздігі» ІІ дәрежелі кеуде белгісімен жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Асель Акылбекова марапатталды.
Сонымен қатар кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО психолог мамандарды даярлау және әлеуметтік зерттеулер жүргізу орталығының оқытушы-әдіскері полиция майоры Шолпан Кабжановаға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Грамотасы табысталып, оқу-әдістемелік орталығының оқытушы-әдіскері полиция майоры Алия Аетова мен ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы Сәуле Бримжановаға Ішкі істер министрінің Алғысы жарияланды.
Қостанай академиясы бастығының Грамотасымен полиция капитаны Айнур Саламатова, полиция аға лейтенанты Салтанат Бальшенова, екінші арнайы тобының инспекторы Динара Сейткалиева, Райхан Сарсекова,  Балбиби Сарекина, Алғыс хатымен полиция капитаны Назгуль Турсумбаева, қаржылық қамтамасыз ету тобының бухгалтері Гульжан Дильдибекова, Алмагуль Кобжанова, Жумакуль Арстамбаева, Виктория Вишневская марапатталды.
Академияның қызметін жандандыру жолында аянбай еңбек етіп, абырой биігінен көрінген аруларымызды алған марапаттарымен және алдағы көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрқашан еңбектеріңіз жанып, биік шыңдарды бағындыра берулеріңізге тілектеспіз.

ІСКБ