Мен сайлауға қатысамын!

2019 жылдың 18 мамыр күнісайлау қарсаңында 102 оқу тобының курсанттарына «9 маусым күні сайлауға қатысамыз!» атты кураторлық сағат өткізілді. Сайлауға взводтан 23 курсант алғаш рет қатысады.
2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға ұсынылған кандидаттардың есімі толықтай белгілі. Үміткер кандидаттардың еңбек жолдарын қарап отырсақ, еліміздің саяси-қоғамдық өміріне тікелей қатысы бар азаматтардың ел басқаруға ниетті екендігін байқауға болады. Атап айтқанда, елімізде тіркелген барлық дерлік саяси партиялардың өкілдерімен қатар, республика еңбеккерлерінің құқығын қорғайтын Кәсіподақтар федерациясынан, рухани-патриоттық бірлестіктерден кандидаттар тіркеліп отыр.

Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жұмыстары тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін, 11 мамыр күні сағат 18-00-ден кейін дереу басталды және дауыс беру күні алдындағы күнгі 00-00 сағатқа дейін, яғни 8 маусым күнгі 00-00-ге дейін жалғасады. Дауыс беру 9 маусымда жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін болады. Дауыс беру аяқталған кезден бастап 12 сағаттан кешіктірмей сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жүргізіледі. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және Орталық сайлау комиссиясын екі күн мерзім ішінде, яғни 11 маусымнан кешіктірілмей жеткізіледі. Сонымен кімнің ел Президенті болатындығы 9 маусымда өтетін тарихи сәтте анықталады.

Сайлауға қатысу Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының міндеті болып табылады. Сол себептен еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз бен бірлігімізді тағы да таныту үшін 2019 жылдың 9 маусым күні өтетін сайлауға біз бір отбасы секілді қатысуымыз қажет екендігі курсанттарға түсіндірілді. Дауыс беру науқаны және сайлау күрделі кезеңде ұлтты ұйыстырып, біздің Қазақстанымызды жаңа белестерге алып шығуға көмектеседі деп сенеміз.

МҚП кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
Карымсакова Д.Т.