Мен және ұжым

Қостанай академиясының магистранттарының ұжымдағы топтық жұмыстарын белсенді ету және әлеуметтік-психологиялық ахуалын жақсарту мақсатында психолог мамандарды даярлау және әлеуметтік зерттеулер жүргізу орталығының аға инспектор-психологы Сауле Байгабулова мен аға оқытушы-әдіскері Айжан Досмаилова «Мен және ұжым» атты психологиялық тренинг өткізді.

Бір-бірін жақсы танып, топтың ұйымшылдығын нығайтуға бағытталған «Мен сені құрметтеймін…..өйткені……», «Мен мақтаншақ емеспін…..Бірақ менің жетістіктерім., «Мен және менің мамандығым» атты жаттығулары қолданды. Тренингтің барысында магистранттар шығармашылықтарын көрсетіп, ұжым болып жұмыс атқарды.

ПМДжӘЗЖО аға оқытушы әдіскері Айжан ДОСМАИЛОВА