Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының авторлық ұжымы мен «Заңгер» ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы

2018 жылдың 4 сәуірінде Академияның мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының авторлық ұжымы мен «Заңгер» ғылыми үйірмесінің кезекті отырыстары болып өтті. Отырыс барысында авторлық ұжым мен ғылыми үйірме мүшелерінің назарына алда келе жатқан ғылыми-теориялық және тәжірибелік іс-шаралар жайында ақпараттар жеткізілді.

Сонымен қоса курсанттардың кафедралық «Қазақстан Республикасындағы мемлкет және құқықтың даму болашағы және қазіргі жаҚазақстан Республикасындағы мемлкет және құқықтың даму болашағы және қазіргі жағдайы, тарихы» атты ғылыми-практикалық конференцияның дайындық сұрақтары талқыланды, ол 27 сәуірде болады, басты назар ғылыми жұмыстың өзектілігі мен ғылыми назарына бөлінді.


«Мемлекет дамуындағы патриоттық тәрбиенің орны» атты жұмысымен 2 курс курсанты М.Алимбаева сөз сөйледі, Қазақстан Республикасының ғылыми жұмыскерлер күніне арналған іс-шаралардың аясындағы «Наука и курсант: творческий тандем» дөңгелек үстелде осы баяндамасымен шығады.

МҚП кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры А. Ақылбекова