Мемлекеттік-құқықтық пәндерді оқыту методикасын жетілдіру

2020 жылдың 29 мамырда ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының қызметкерлері Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасымен ұйымдастырылған «Мемлекеттік-құқықтық пәндерді оқыту методикасын жетілдіру» атты онлайн дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында кафедра атынан алғы сөзбен ЖЗП кафедрасының бастығы, (PhD) докторы, полиция майоры Е. Е. Қайнар сөйледі, сондай-ақ кафедра бастығының орынбасары, полиция майоры М. К. Смағұлов «Алғашқы арнайы кәсіби даярлық курсының білім алушыларын адам құқығы пәнінен оқытудағы әдістемелік әдістерді қолдану», кафедраның аға оқытушысы, полиция майоры А. Ақылбекова «Адам құқығы пәні бойынша интерактивті және инновациялық нысандар мен әдістерді қолдану тәжірибесі» атты баяндамаларымен қатысты.
Қатысушылар заң пәндерін оқытудың өзекті әдістерін қарастырып, интерактивті оқыту әдістеріне ерекше назар аударды. Олардың білім беру қызметінде жүзеге асыру ерекшеліктері мен дамуын қарастырды.
Бүгінгі таңда оқытудың интербелсенді әдістеріне көп көңіл бөлінеді. Құқықтық пәндерді оқытуда оқытудың интерактивті әдістерін қолдану білім алушылардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді. Интерактивті әдістер заң терминологиясын меңгеруге, құқықтық актілермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге және бекітуге көмектеседі, құқықтық жағдайларды талдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді,құқықтық нормаларға сәйкес фактілерді заңдық біліктілігі дағдыларын береді. Құқықтық тәжірибені таныстыруға және игеруге ықпал етеді. Оқытудың интерактивті әдістері оқу үдерісін оңтайландырады, оның сапасын арттырады, құқықтық теория мен тәжірибені интеграциялайды.
Ведомствалық білім беру мекемелерінде оқыту әдістемесі мәселелері бойынша осындай тәжірибемен алмасу оқу процесін жетілдірудің бір түрі болып табылады.

ЖЗП кафедрасының
аға оқытушысы,
полиция майоры А. Акылбекова