«Мемлекеттік тіл – менің тілім»

Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне арналған апталықтың екінші күні Қостанай академиясының қызметкерлеріне Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Нұрмағамбетова Ақтоты Баяділқызы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты онлайн дәріс өткізді.
Дәріс аясында тіл құндылығы, тілге деген құрмет, оның мәртебесін көтеру, Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу, сондай-ақ латын әліпбиіне тоқталып, түсіндірмелер жасады.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі — тіл, бірі — ділің жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды-деп атап өтті орталық оқытушысы.
Шара соңында Ақтоты Баяділқызы қызметкерлерге, тіл туралы қызықты сауалнамалар қойып, өз ана тілінде таза сөйлеуге, барлық халықтардың тілдерін құрметтеуге шақырды.

Перизат ЖҰМАБЕК ІжСКБ инспекторы