«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік кепілі»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Академияның 50 жылдығы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні аясында жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларымен «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік кепілі» атты зияткерлік ойын өткізілді. Сайысқа екі топтан құралған тыңдаушылар қатысты.

Сайыс әділқазылары: Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің аға ғылыми қызметкері, полиция подполковнигі Н. Ибраева және жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Б. Султанов болды.

Сайыс барысында тыңдаушылар зияткерлік танымын ашып, мол ақпарат алып белсенділік танытты. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетіп, грамоталармен марапатталды.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, ел азаматтарының отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. Дәл осындай зияткерлік сайыстардың жиі болуы тыңдауышларға оң әсерін берері сөзсіз.

Жалпы заң пәндері
кафедрасы бастығының орынбасары,
полиция майоры А. Акылбекова