Мейірімділік – жүректен, Қайырымдылық – білектен

Күн сайын көптеген оқиғалар орын алатын осы үлкен әлемде қайырымдылықты сақтау және жақсы іс-әрекеттерді риясыз жасау маңызды болып келеді.
Биыл қалың жауған қар көптеген қиындықтар туғызып жатыр. Аула мен көшедегі жолдарды тазалау барлығының қолынан келе бермейді.
2019 жылдың 27 желтоқсанында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2-курс курсанттары №11 балабақшаға барып, балабақшаның аумағын тазартуға көмектесті. Курсанттар бірден жұмысқа кірісіп, үйлесімді, ұйымдасқан түрде жұмыс істеді. Балалар ауладағы қарды және жолдарды тазартты.
Күшті білек пен талпыныстың арқасында балабақша ауласы бірнеше сағаттан кейін тазарып қалды. Курсанттардың өздері егер қажет болса, мұқтаж адамдарға көмектесуге тырысатындығы туралы айтты.
Балабақша басшылығы курсанттарға көңіл бөліп, қамқор болғаны үшін алғыстарын білдірді. 2-курс курсанттары кез келген уақытта мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын!

2-курс курсанты
полиция қатарындағы
А. Сайлау